А.Коразбаев - Кара шал

кара шал

Рейтинг: 0

Исполнитель: А.Коразбаев

Произведение: Кара шал

Длина: 04:25

Дата добавления: 2014-10-14

Текст просмотрен: 1012

Скачать
Другие песни исполнителя А.Коразбаев
Текст песни:

Қаусаған қасіретті қара шалмын
Бұл күнде қара шалмен санасар кім
Жанымды жегідей жеп қарттар үйі
Күн сайын қуат кеміп аласардым
Онша тар емес еді-ау пәтерінде
Осында тастап кеттін әкелдіңде
Сынаптай сыртын берсе туған балан
Тірідей өлгені ғой әкеннінде
Көп болды-ау дидарынды көрмегелі
Көп болды-ау шешенді де жерлегелі
Балам деп көз жұмғанша жылап жатты
Жаныма қатты батты келмегенің
Жүрсін-ау қолын тимей хабарын жоқ
Жатырмын жаутан қағып амалым жоқ
Айтып-ен жас күнінде есіңде ме?
Әкенді өл-өлгенше бағамын деп
Балам-ау не істетпейді қу тіршілік
Кей пенде дүние қуып жүр құлшынып
Артымда барма десем ұрпақ ізі
Сөзімде қалғаны ма бір қушылық
Әкенде осы жерде өлер енді
Тәңірдің жазуына көнер енді
О жалған сағындым ғой тым болмаса
Алып кеп бір иіскетші немеремді
Қадірін түсінбедің қолда бардың
Қауқайып қара басым жолда қалдым
Тал, дарақ үй мүлкімді ақша қылып
Астына аппақ шаңқай волга алдың
Несіне балам бар деп мақтанайын
Өмірден өз жөніммен аттанайын
Ұмытпа келер болсан домбырамды
Шерімді шемен болған ақтарайын
Несіне өлемін деп өкінемін
Қайғыдан қарс айырылған көкірегім
Көз жұмсам елге апарып қоярсындар
Соңғы рет сенен соңы өтінемін
Өзін деп өтіп еді-ау бар қызығым
Барады ау оттай жанып тән қызуым
Мүмкін бұл менің соңғы демім шығар
Аман бол қайда жүрсен жалғыз ұлым

Kali

Видео
Алтынбек Қоразбаев - Қара шал - Kara shal
Комментарии (0)
Добавить комментарий



Каптча: